Новости

kids read

Понедельник, 09 Апрель 2018   |   Прочитано 1046 раз

Ата-аналар конференциясы

Үстіміздегі жылдың 17 ақпанында балабақша жоспарына сәйкес Ата-аналар конференциясы болып өтті. Биылғы конференция «Мектепке дейінгі жастағы балаларда кретивтілікті дамыту» тақырыбында өтті.

       Балабақша меңгерушісі М.Дуйсебаева ата-аналар конференциясын ашып беріп, тақырыбымен, мақсатымен таныстырды. Бірінші мәселе бойынша «Мектепке дейінгі жастағы балаларда креативтілікті дамыту» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде креативтілік дегеніміз не, креативтіліктің белгілеріне тоқталды. Креативті адамды қарапайым адамнан қалай ажыратамыз деген сауалдарды ата-аналармен бірге жауабын ассоциация түрінде жазды. Креативтіліктің дамуына тоқталды, мидың сол жақ және оң жақ бөлігінің ерекшеліктері мен олардың өзара әрекеттесуі жайлы тоқталды. Креативтілікті дамыту үшін қарапайым жаттығулар түрін көрсетіп, ата-аналарға орындатты.

          Екінші мәселе бойынша балабақша әдіскері И.Тоқсанбаева «Мектепке дейінгі ұйымда балалардың креативтілігін дамытудағы педагогикалық іс әрекеттер» тақырыбындағы баяндаманы практикуммен ұштастырды. Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық іс әрекет түрлеріне тоқталды.Атап айтқанда, бірінші дәстүрден тыс ұйымдастырылған оқу қызметтері (инновациялық технологияларды қолдану). Осы бағыт бойынша балабақшада жиі қолданылатын технологияларға тоқтала келе, ТРИЗ технологиясының «Көңілді шеңбер», «Бірақ» ойын жаттығуларын тәрбиешілер Махамбетова Әсем, Ташенова Майра практикум түрінде көрсетті.Ойын технологиясын қолданатынын айта келе,эйдетикалық әдіс-тәсілдерге тоқталды. Эйдетика дегеніміз не,оны оқу қызметінде пайдалану не береді деген сұрақтарға жауап берді. Практика түрінде осы бағыттағы «Теледидар», «Түр түс ассоциациясы» жаттығуларын тәрбиешілер Сейтмағамбетова Дариякүл, Абдрахманова Таңшолпан көрсетті. Екінші педагогикалық іс әрекет арнайы жаттығуларға тоқталды. Оның ішінде кинезиологиялық жаттығуларды атап өтті. Кинезиологиялық жаттығулар дегеніміз не, оны қолдаудың пайдасы неде деген мәселеге тоқталды. Практика түрінде педагог-психолог Ашимова Зоя мен логопед-мұғалім Пірмахан Гүлназ жаттығуларды ата-аналармен бірге орындатып көрсетті. Тәрбиеші Әліпбаева Ардақ «Айналы сурет салу» жаттығуын түрлі шығармашылық құралдарымен ата-аналарға жасатып көрсетті.Тәрбиешілер практикуммен қоса топта балалармен жүргізілген жұмыстарының бейне сюжетін көрсетті.

   Үшінші мәселе бойынша тәрбиеші әрі ата-ана Тоқсанбаева Айгерім «Үй жағдайында баланың креативті ойлауын дамыту» тақырыбында іс тәжірибесімен бөлісті. Бейнесюжет арқылы қызымен жүргізілген жұмысты көрсетті.

Конференция барысында жүргізілген жұмыстарды балабақша меңгерушісі қорытындылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар