Новости

kids read

Понедельник, 09 Апрель 2018   |   Прочитано 713 раз

«Айналайын, ақ анам» жобасы

8-наурыз қарсаңында балабақшамызда «Айналайын ақ анам» жобасы жүзеге асты. Көктем мезгілі, оның ерекшеліктері, көктемнің алғашқы мерекесі Аналар мерекесі жайлы түсініктерін кеңейту, мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында жүргізілген бұл жоба барысында да ауқымды жұмыстар атқарылды.Барлық топтарда балалардың танымын дамыту мақсатында көктем мезгілі жайлы лэпбуктар дайындалды. Ұжымдық шығармашылық жұмыс ретінде барлық топтарда мерекелік құттықтау қабырға газеттері шығарылды. Газетті безендіруде тәрбиешілер балалардың жас ерекшелігін ескерді.

Бала қиялына шек жоқ. Ересек топ тәрбиеленушілері «Менің анамның портреті» шығармашылық жұмысында өз шеберліктерін ортаға салды. Аналарының портретін жасауда түрлі жаңашыл әдіс-тәсілдер қолданылды. Сондай-ақ, аналарына арналған сыйлық жасауда да ортаңғы және ересек тобының бүлдіршіндері аянып қалмады. ІІ кіші топтар арасында сюжетті-рөлді ойындар ойнатылды.

Жобаның қорытындысы есебінде барлық топтарда «Аналар мерекесіне» орай ертеңгіліктер өткізілді.І кіші топтар: «Балапан» тобы - «Аяулы Анашым», «Қонжықтар» тобы - «Ана-өмір шуағы», ІІ кіші топтары: «Балғын бөбек» -«Ана-бақыт,Ана-жыр Ана-шаттық,Ана-гүл!», «Қошақан» -«Мерекеңмен,Анашым!» , «Құлыншақ» - «Ана-өмірдің шуағы»,Ортаңғы топтар: «Жұлдыздар»- «Ана-аса қымбатты жан!», «Айгөлек» -«Ана-гүл,Ана-жыр,Ана-өмір шуағы!» , «Познайка» монтессори тобы -«Все для любимой мамочки», «Болашақ» монтессори тобы- «Аналар-асыл қазынам!», «Ягодка»- «Мамин праздник» , Ересек топтары: «Золотой ключик» -«Мамочка милая, я тебя люблю», «Балдәурен»- «Ана-гүл,ана-өмірдің шуағы!» тақырыптарында жүргізілді. Тақырыптары бірін-бірі қайталамайтын бұл мерекелік концерттердің сценарий желісі де, мазмұны да әр түрлі. Әр топтың балаларының жас ерекшелігіне сай жеке орындаудағы әндер, хорлар шырқалып, өте көңілді әуенді билер биленді. Әдеби монтаждар да жас ерекшелігіне сай таңдалған. Мереке соңында балалар аналарына өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын ұсынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар