Новости

kids read
  |   Прочитано 163 раз

«Үш тілдің патшалығы»

«Үш тілдің патшалығы»

22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күні мерекесіне орай балабақшамызда «Үш тілдің патшалығы» атты іс-шара болып өтті. Тәрбиеленушілерді ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге, өзге тілді құрметтеу мақсатында өткізілген іс-шараны балабақшадағы «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Алиева Эльмира, ағылшын тілі пәні оқытушысы Ахантаева Ақерке, орыс тілі пәні оқытушысы Псанбаева Шолпан жүргізді. Іс-шара ортаңғы және ересек топ тәрбиеленушілері арасында сайыс түрінде жүргізілді. «Қырандар», «Ұландар» тобын құраған балалар сиқырлы кілемнің көмегімен Қазақстан, Ресей, Англия елдеріне виртуалды саяхат жасады. Балалар әр елге тоқтағанда сол елдің мемлекеттік тілінде түрлі тапсырмалар күтіп тұрды. Сиқырлы тақтада тапсырмаларды орындау арқылы балалардың дүниетанымдары кеңейіп, шығармашылық қиялдарына ерік берді. Сайыс соңында балалар марапатталып мадақталды.Саяхаттан сиқырлы кілеммен қайта оралған соң, қатысушылар саяхаттан алған әсерлерімен бөлісті.

  • Click to enlarge image SAM_8678.JPG
  • Click to enlarge image SAM_8682.JPG
  • Click to enlarge image SAM_8684.JPG
  • Click to enlarge image SAM_8685.JPG
  • Click to enlarge image SAM_8701.JPG
  • Click to enlarge image SAM_8705.JPG
  • Click to enlarge image SAM_8729.JPG
  • Click to enlarge image SAM_8734.JPG
  • Click to enlarge image SAM_8743.JPG
  •  
Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар