Новости

kids read

Четверг, 06 Октябрь 2016   |   Прочитано 845 раз

«Деніміз сау болсын десең» тақырыбында денсаулық күні өткізілді.

2016 жылдың қазан айының 4-күні балабақша ауласында «Деніміз сау болсын десең» тақырыбында денсаулық күні өткізілді. Жоспар бойынша өткізілген іс-шараның мақсаты балалардың салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру, қимыл-қозғалысын дамыту. Іс-шара барысында Дәрігер, Құрылысшы, Аспаз, Полиция кейіпкерлері қатысты.

Мамандық иелерінің қызықтыруымен балалармен «Қапшықпен секіру», «Арқан тартыс», «Тез домалат», «Кім күшті» атты  ойындар ойналды. Ойындарда балалардың икем-дағдысы байқалды. Барлық ойындарға спорттық инвентарлар қолданылды. Балалардың қызығушылығы өте жоғары деңгейде болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар