Пятница, 11 Ноябрь 2022   |   Прочитано 210 раз

Мерекелер және ойын-сауық

Балабақша-бұл әрбір бала өзіне қызықты іс әрекеттер мен әуестенулерді таба алатын орын. Креативті және талантты педагогтардың арқасында балабақшада көптеген мерекелер мен ойын-сауықтар өткізеді. Балабақшадағы мереке мен ойын-сауық - бала өмірінің маңызды бөлігі. Бұл баланың демалуына, көңіл көтеруіне мүмкіндік беретін және сонымен бірге оны рухани байытатын, шығармашылыққа ынталандыратын қуанышты оқиға.Мереке өнердің синтезі ретінде әр түрлі әрекет түрлерін қамтиды: сөйлеу, музыка, бейнелеу және қызметтің ерекше түрі - қарым-қатынас.

Біздің балабақшада дәстүрлі мерекелік ертеңгіліктерден басқа дәстүрден тыс ойын –сауықтар: Денсаулық күні, спорттық эстафеталар, акциялар, апталықтар, ән, би фестивальдері, жазғы ойын-сауықтар ұйымдастырылады.

Тәрбиеленушілер мен тәрбиешілер мұндай іс шараларға белсене де қызыға қатысады.

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар