Пятница, 11 Ноябрь 2022   |   Прочитано 220 раз

Орта-үшінші педагог

Бөбекжай –бақшада 12 топ жұмыс жасайды. Топта жас ерекшелігіне қарай заттар мен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және немен айналысатынын өз бетінше таңдауын күні бойы өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін балалардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар дамытушы орта ұйымдастырылған. Орта –үшінші педагог, себебі заттық кеңістіктік ортаны білім беру элементі ретінде қарастыру және оның мүмкіндіктерін барынша қолдану тәрбиеленуішілерге Үлгілік бағдарламаның міндеттерін игертуде үлесі зор.

Дамытушы орта балаға өз қабілеттерінпайдалануға, қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін қызықтыратын ойын материалдарымен ойнауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар балалар мен ересектердің қарым-қатынасы мен бірлескен әрекетін, балалардың қимыл белсенділігін, сондай-ақ оңаша болуына мүмкіндікті қамтамасыз етеді.

Топтарда дамытушы орталықтар келесіні қамтиды:

-         Сюжетті рөлді ойындар аймағы (асхана, сән салоны, көлік жөндеу шеберханасы, май құю бекеті,шаштараз, емхана )

-         Кітап бұрышы

-         Оқшаулану бұрышы

-         Табиғат бұрышы

-         Көңіл күй бұрышы

-         Ірі момториканы дамытуға арналған ойындар бұрышы

-         Қызығушылығы бойынша орталықтар: шығармашылық орталық, құрылыс орталығы, логикалық ойындар орталығы, зерттеу орталығы

Дамытушы ортаны ұйымдастыруда қауіпсіздік, қолжетімділік, көпатқарымды, мазмұнды, өзгермелі принциптері ескерілді.

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар