Пятница, 05 Июль 2019   |   Прочитано 15032 раз

«Айналайын бөбекжайы» КМҚК қамқоршылық кеңесі отырысының №1 хаттамасы

Өткізілген күні: 11.06.2018 жыл

Қатысқандар: балабақша меңгерушісі,балабақша әдіскері,қамқоршылық кеңесінің мүшелері: Рахманбердиев А,Маханбет П., Джаксыбаева И., Пернебаева Б., Сүлейменов Б., Кенджаев А., Жайынбаев Н., Кигай Е., Шалекеева Н.

Күн тәртібі:

1.Қамқоршылық кеңесінің ережесімен таныстыру.

2.Қамқоршылық кеңесінің төрағасын,хатшысын сайлау.

3.Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, балабақша меңгерушісі М.Дуйсебаева балабақшада ұйымдастырылып жатқан Қамқоршылық кеңесінің жұмыс мазмұнымен таныстырды.Қамқоршылық кеңесінің жұмысы ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» сәйкес жүргізілетінін айтып өтті. Балабақшадағы құрылып отырған Қамқоршылық кеңесінің мүшелігіне әрбір параллель топтан бір ата-ана,жергілікті атқарушы органдардың өкілінен Шиелі аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы төрағаның бірінші орнбасары П.Маханбет, құқық қорғау органдарының өкілінен Шиелі аудандық ІІБ,учаскелік инспектор А.Кенджаев, әлеуметтік әріптестер өкілдерінен ТОО РУ-6 директорының орынбасары Б.Сүлейменов және «Арман» мәдениет үйінің директоры Н.Шалекеева барлығы тоғыз адам келісім беріп отырғанын айтты.Жоғарыда атап өткен үлгілік қағидаға сәйкес Қамқоршылық кеңестің өкілеттігімен балабақша әдіскері И.Тоқсанбаева таныстырып өтті.

   Екінші мәселе бойынша, Қамқоршылық кеңесінің мүшелері арасынан төраға сайлану қажеттігі айтылды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері өзара пікірлесе келіп , Қамқоршылық кеңесінің төрағалығына Рахманбердиев Алмасты ұсынды.Қамқыоршылық кеңесінің хатшысы болып балабақша әдіскері И.Тоқсанбаева тағайындалды.

Үшінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары талқыланды. Меңгеруші М.Дуйсебаева қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарына балабақшадағы мемлекеттік қызмет көрсетуді(балаларды балабақшаға қабылдау) , тамақтануды ұйымдастыру,балабақшадағы білім беру қызметінің сапасы сияқты мәселелерді қоюға болатыны жайлы ұсыныс айтты.

Қамқоршылық кеңес мүшелері жұмыс жоспарының жобасын талқылап,өз ойларын ортаға салды.2018 жылдың маусым айынан 2019 жылдың мамыр айына дейін бес отырыс өткізіледі деп шешті. Келесі отырыста балабақшадағы мемлекеттік қызмет көрсетуді, 2018-2019 оқу жылына арналған балабақшаның жұмыс жоспарымен, қойылатын мақсат,міндеттерімен танысу мәселелері қаралатын болса, одан кейінгі отырыстарда тамақтануды ұйымдастыруды бақылау, балабақшада жүргізілетін науқастанудың алдын алу және сауықтыру шаралары бойынша жұмыстармен танысу , бала құқығының қорғалу жағдайы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысу, түзете-дамыту жұмыстарының барысы, жазғы сауықтыру мезгіліндегі шынықтыру шараларымен танысу, жазғы сауықтыру мезгіліндегі іс шараларды бірлесе өткізуді жоспарлау, қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстары жайлы есеп беру сияқты мәселелер қарастырылатын болды.

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері осы мәселелер бойынша жұмыс жоспарының бекітілуіне келісті.

Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, төмендегідей шешім қабылданды:

       1.Қамқорышылық кеңесі мүшелерінің ұсынысы бойынша төраға болып

         Рахманбердиев Алмас сайлансын.

2. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар

   жүргізілсін.

          

   Қамқоршылық кеңесінің

   төрағасы:                                                                                     Рахманбердиев А.          

         Хатшы:                                                                                     Тоқсанбаева И.

Мүшелері:

Маханбет П.

Джаксыбаева И.

Сүлейменов Б.

Кенджаев А.

Жайынбаев Н.

Кигай Е.

Шалекеева Н.

Пернебаева Б.

    

«Айналайын бөбекжайы» КМҚК

қамқоршылық кеңесі отырысының №2 хаттамасы

Өткізілген күні: 28.08.2018 жыл

Қатысқандар: балабақша меңгерушісі,балабақша әдіскері,қамқоршылық кеңесінің төрағасы: Рахманбердиев А, мүшелері: Маханбет П., Джаксыбаева И., Пернебаева Б., Сүлейменов Б., Кенджаев А., Жайынбаев Н., Кигай Е., Шалекеева Н.

Күн тәртібі:

1. Мектепке дейінгі ұйымдардағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау (балаларды балабақшаға қабылдау тәртібі)

2. 2018-2019 оқу жылына арналған балабақшаның жұмыс жоспарының жобасымен, қойылатын мақсат, міндеттерімен танысу.

   Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша балабақша меңгерушісі М.Дуйсебаева балаларды балабақшаға қабылдау тәртібі «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 172 бұйрығының 2-қосымшасына сәйкес «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
бойынша жүзеге асырылатынын айтты.

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рахманбердиев Алмас балаларды балабақшаға білім бөлімінен жолдама арқылы жіберу кезінде балабақша әдіскерімен бірге қамқоршылық кеңесінің мүшелері Б.Пернебаева, И.Джаксыбаева қатысып кезектегі балалардың жіберілуін бақылағанын айтты. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері балабақшаға балаларды қабылдау өз заңдылығына сәйкес жүргізілгенін атап өтті.

Екінші мәселе бойынша балабақша меңгерушісі М.Дуйсебаева балабақшаның 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының жобасымен,қойылған мақсат, міндеттерімен таныстырып өтті.

Жоғары мұратты мақсат:

Балалардың бойында жас ерекшелігіне және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес икем-дағдыларын, білімдерін, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, «Мәңгілік ел» ұлттық идеясына сай Отансүйгіштік пен толеранттылыққа, жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу

Ағымдағы мақсаттар:

  • Балабақшадағы балалардың тәжірибелік-зерттеу іс әрекеті арқылы ақыл-ой қызығушылығын дамытуға бағытталған оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру . Құбылыстар мен үдерістерді тікелей бақылай отырып,әр баланың қоршаған ортадағы объектілердің ерекшеліктері мен қасиетін анықтай білу қабілетін ашу мен жетілдіруде оңтайлы жағдай жасау. Балалардың практикалық жұмысты жоспарлап және талдай білу дағдысын қалыптастыру.
  • МДҰ тәрбиеленушілерінің театралды іс әрекетінде тұлғаның шығармашылық және эмоционалдық,танымдық дамуымен байланысты мақсаттарды жүзеге асыру.Балабақшада режимді кезеңдегі және оқу қызметінде театрландыру элементтерін қолдану мен театралды іс әрекетті енгізу әдістері мен ерекшелігін толыққанды және жан-жақты зерттеуді ұйымдастыру. Педагог-психологтың, логопед-мұғалімнің, тіл мамандарының бірлескен театралды үйірме жұмысын ұйымдастыру арқылы түзете-дамыту жұмысын жүргізу.
  • Мектепке дейінгі білім беру ұйым жағдайындағы топтардағы өзара қарым-қатынас ерекшелігін зерттеу жұмысын жалғастыру- балалар ұжымының қалыптасу мәселесі,балабақша топтарының сипаттамалары мен ондағы өзара қарым-қатынас,жекелеген балалардың тұлғалық қалыптасуына мектепке дейінгі топтардың әсері.
  • Мектепке дейінгі жастағы балаларды дамыту мен тәрбиелеу,білім беру тәжірибесіндегі жетістіктер мен инновациялық педагогикалық идеяларды насихаттау және мотивациялау жолымен педагог қызметкерлердің кәсібилігін көтеру.
  • Тәрбиеленушілердің отбасымен жұмысты жаңа түрде ұйымдастыруды жалғастыру:

-          Барлық жас тобындағы тәрбиеленушілердің ата-аналарымен бірге орындалатын жобалар декадасын өткізу

-          Тәрбиеленушілердің ата-аналарының психологиялық құзіреттілігін көтеру бойынша логопед-мұғалімнің,педагог-психологтың ата-аналар клубындағы іс әрекеті

-          «Менің әлеміме қош келдіңіз!» жобасы аясында ата-ана-ата-ана өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру- деп жоғары мұратты және ағымдағы мақсаттарды алып отырғанын көрсетті. Биылғы оқу жылындағы жүргізілетін жұмыстардың басым бағытын ерекше атап өтті.

Қамқоршылық кеңесінің мүшелері жұмыс жоспарының жобасы бойынша пікірлерін білдірді.

Нұрбек Жайынбаев: жоспар жобасымен келісемін, өзекті мәселелер қамтылғанын, балалардың жан-жақты дамуы үшін маңызды міндеттер қойылған,- деп өз пікірін білдірді.

Алмат Кенджаев: жоспар жобасымен келісемін, жоспар жобасында ата-аналармен жұмыстың жаңаша бағыттарын да қарастырған,-деп пікір білдірді.

     Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, төмендегідей шешім қабылданды:

       1. Балаларды балабақшаға қабылдау тәртібі белгіленген стандартқа сәйкес жүргізілді

           деп есептелсін.

         2. Балабақшаның 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының жобасымен

             танысып қолдайтындарын білдірді.

        

   Қамқоршылық кеңесінің

   төрағасы:                                                                                     Рахманбердиев А.          

         Хатшы:                                                                                     Тоқсанбаева И.

Мүшелері:

Маханбет П.

Джаксыбаева И.

Сүлейменов Б.

Кенджаев А.

Жайынбаев Н.

Кигай Е.

Шалекеева Н.

Пернебаева Б.

«Айналайын бөбекжай-бақша» КМҚК

қамқоршылық кеңесі отырысының №3 хаттамасы

Өткізілген күні: 21.11.2018 жыл

Қатысқандар: балабақша меңгерушісі,балабақша медбикесі,

Рахманбердиев А-Қамқоршылық кеңесінің төрағасы;

Тоқсанбаева И - хатшы;

Мүшелері:

Маханбет П,

Джаксыбаева И,

Сүлейменов Б,

Кенджаев А,

Жайынбаев Н,

Кигай Е,

Шалекеева Н.

Пернебаева Б

Күн тәртібі:

1.Балабақшада балалардың тамақтануын ұйымдастыру сапасын бақылау

2.Балабақшада жүргізілетін науқастанудың алдын алу және сауықтыру шаралары бойынша жұмыстармен танысу

       Бірінші мәселе бойынша,қамқоршылық кеңесінің мүшелері емдәмбике Петина Галина Николаевнамен бірге балабақша асханасына кіріп,азық-түліктің сақталу қоймасын,ондағы азық-түліктің сақталуын қадағалады.Асханадағы ас дайындайтын зоналармен, технологиясымен танысты.Астың дайындалу барысын, дайын астың топтарға таратылуы мен берілуін бақылады.Сол күнгі ас мәзіріне сәйкес дайын астың сапасын көрді.Балабақшаның жазғы,қысқы 10 күндік меню-калькуляциямен танысты.

   Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша балабақша медбикесі Рүстемова Алия балабақшада нуқастанудың алдын алу мен сауықтыру шаралары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша презентация көрсетті. Ол ай сайын тәрбиеленушілердің науқастануы бойынша талдау жасалынып отыратынын айтты. Сонымен қатар медико-профилактикалық шаралар атап айтқанда, дәрумендітерапия С дәрумені кальциймен, «Пиковит» шәрбәті, «Рябина» шәрбәті көктем-күз айларында берілсе, тәтті бал мен лимон қосыныдысы, "Изюминка" коктейлі қыс мезгілінде желтоқсан айынан бастап тұмаудың алдын алу үшін күнделікті берілетінін, мұрынға оксолин майының жағылатынын айтып түсіндірді. Сондай-ақ жиі ауыратын балаларға дәрігердің тағайындауы бйынша физиотерапия жүргізілетінін де ескертті. Ата-аналар үшін жадынамалар топтарда ата-аналар бұрышында ілініп, қажет жағдайда жекелеген балалардың ата-аналарына кеңес, ұсыныстар беру жұмыстары да жүргізіліп отыратынын айтты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қамқоршылық кеңесінің мүшелері өз пікірлерін білдірді:

Джаксыбаева Индира: балабақшаның асханасына кіріп бақылау жасау барысында астың өз деңгейінде дайындалатынын, азық-түліктің дұрыс сақталуына мән берілетіні көңілге қонымды.Балабақшаның тамақтану бойынша жұмысына қанағаттанамын,-деді.

Кигай Евгений: балабақшадағы науқастанудың алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыстарының барлығына қанағаттанамын. Әсіресе тәтті бал мен лимон қосындысы қыс мезгіліндегі вирусты аурулардың алдын алуға көмектеседі,-деді.

Қамқоршылық кеңесінің отырысын төрағасы Рахманбердиев Алмас қорытындылады. Ол жалпы балабақшада балалардың тамақтануын ұйымдастыру және науқастанудың алдын алу бойынша жұмыстарға үлкен мән берілетінін, бұл өз кезегінде ата-аналар тарапынан ризашылығын білдіретіндігін айтты.

   Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып,шешімдер қабылданды:

1.Балабақшадағы тамақтануды ұйымдастыру жұмыстары өз деңгейінде деп есептелсін;

2. Балабақшада тәрбиеленушілердің науқастануын алдын алу және сауықтыру шаралары жеткілікті ұйымдастырылған деп есептелсін;

       Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:                                     А.Рахманбердиев

           Хатшы:                                                                               Тоқсанбаева И.

Мүшелері:

Маханбет П.

Джаксыбаева И.

Сүлейменов Б.

Кенджаев А.

Жайынбаев Н.

Кигай Е.

Шалекеева Н.

Пернебаева Б.

«Айналайын бөбекжай-бақша» КМҚК

қамқоршылық кеңесі отырысының №4 хаттамасы

Өткізілген күні: 21.02.2019 жыл

Қатысқандар: балабақша меңгерушісі, Рахманбердиев А-Қамқоршылық кеңесінің төрағасы; Тоқсанбаева И- балабақша әдіскері, хатшы;

Мүшелері:

Маханбет П,

Джаксыбаева И,

Сүлейменов Б,

Кенджаев А,

Жайынбаев Н,

Кигай Е,

Шалекеева Н.

Пернебаева Б

 

Күн тәртібі:

1.Бала құқығының қорғалу жағдайы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарымен танысу

                                                                                 Хабарлама. Тоқсанбаева И.-әдіскер

2.Балабақшадағы түзете-дамыту жұмыстарының барысымен таныстыру.

                                                                         Практикум. Ашимова З- педагог-психолог

                                                                                              Пірмахан Г- логопед-мұғалім

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша,балабақша әдіскері И.Тоқсанбаева бала құқығының қорғалуы бойынша хабарлама жасады.Ол өз хабарламасында 2002 жылы Қазақстанда қабылданған «Бала құқығы туралы» Заңның баптарында көрсетілген бала құқығын қорғау бойынша балабақшада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Баланың денсаулық сақтау құқығы бойынша балабақшада аурудың алдын алу, сауықтыру-шынықтыру жұмыстары, денешынықтыру оқу қызметтері мен іс шаралар жүргізілетінін, сондай-ақ осы шараларды жүзеге асыру үшін қолайлы орта қалыптасқанын айтты. Баланың білім алу құқығы бойынша балабақшада тәрбиелеумен қатар оқыту процесі жүзеге асырылатынын ескертті.Әр жартыжылдық сайын ашық оқу қызметтері ұйымдастырылып, тәрбиешілердің қолданатын технологиясы мен заманауи материалдармен танысуға мүмкіндік болатынын атап өтті.Баланың дем алуға және бос уақытын тиімді пайдалануға құқылы екені Заңның 19-бабында көрсетілгенін айта отырып, балалардың бос уақытында түрлі үйріме жұмыстары мен іс шаралар,жаз мезгілінде сауықтыру шаралары жүргізілетінін атап көрсетті.

Екінші мәселе бойынша, қамқоршылық кеңесінің мүшелері педагог-психолог пен логопед-мұғалімнің кабинетіне барып жұмыстарымен танысты. Педагог-психологтың ұйымдастыруымен құм терапиясы,үстел үстіндегі ойындарды, логопед-мұғалімнің логомассаж, зонд массаж түрлерін көрсетуін тамашалады.Балабақша әдіскері жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстары жайлы қосымша ақпарат берді.

     Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, қамқоршылық кеңесінің мүшелері өз ойларын ортаға салды.

Жайынбаев Н.-Қамқоршылық кеңесінің мүшесі:

-          Балабақшада бала құқығының қорғалуы бойынша жағдайлар жасалған және жұмыстар да орындалып жатыр. Әр ата-ана баласын үйден де қадағалап жауапкершілігін күшейтсе деген ұсынысым бар.

Рахманбердиев А.-Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:

-          Балабақшадағы атқарылып жатқан жұмыстарға толық қанықпыз. Алдағы уақытта ұлттық рухани құндылықтарды балалардың бойына кішкентайынан сіңіру үшін арнайы сабақтар, үйірмелер қарастырылса деп ойлаймын.

Джаксыбаева И.-Қамқоршылық кеңесінің мүшесі:

-          Балабақшадағы түзете-дамыту жұмысын көрдік. Жүйелі жүргізілетіні байқалып тұр. Мұндай мамандармен жекеленген жұмыстардың жүргізілуі өте орынды.

Дуйсебаева М.-меңгеруші:

-          Ұсыныстарды қабылдаймыз. Ұлттық рухани құндылықтарды балаларға үйрету бойынша вариативті компонент есебінен қосымша жұмыс жасауды қарастырамыз.

Қамқоршылық кеңесінің отырысын төрағасы Рахманбердиев Алмас қорытындылады. Ол жалпы балабақшада балалардың құқығын сақтау бойынша жұмыстарға үлкен мән берілетінін ,бұл өз кезегінде ата-аналар тарапынан ризашылығын білдіретіндігін айтты.

   Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып,шешімдер қабылданды:

1. Балабақшадағы бала құқығын қорғау жұмыстары өз деңгейінде деп есептелсін.

2. Балабақшадағы тәрбиеленушілермен түзете-дамыту жұмыстары жолға қойылған деп      есептелсін.

       Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:                                     А.Рахманбердиев

           Хатшы:                                                                              Тоқсанбаева И.

Мүшелері:

Маханбет П.

Джаксыбаева И.

Сүлейменов Б.

Кенджаев А.

Жайынбаев Н.

Кигай Е.

Шалекеева Н.

Пернебаева Б.

«Айналайын бөбекжай-бақша» КМҚК

қамқоршылық кеңесі отырысының №5 хаттамасы

Өткізілген күні: 28.05.2019 жыл

Қатысқандар: балабақша меңгерушісі, Рахманбердиев А-Қамқоршылық кеңесінің төрағасы; Тоқсанбаева И- балабақша әдіскері, хатшы;

Мүшелері:

Маханбет П.

Джаксыбаева И.

Сүлейменов Б.

Кенджаев А.

Жайынбаев Н.

Кигай Е.

Шалекеева Н.

Пернебаева Б.

 

Күн тәртібі:

1.Жазғы сауықтыру мезгіліндегі шынықтыру шараларымен таныстыру

                                                                                           Рустемова А.-медбике

2. Жазғы сауықтыру мезгіліндегі іс шараларды бірлесе өткізуді жоспарлау

                                                   Тоқсанбаева И.- әдіскер

3. Қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстары жайлы есебі

                                                                  Рахманбердиев А- Қамқоршылық кеңесінің төрағасы

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша, балабақша медбикесі Рустемова Алия жазғы сауықтыру мезгілінде балабақшада жүргізілетін шынықтыру шаралары жайлы хабарлама жасады. Ол өз хабарламасында күнмен, сумен,ауамен шынықтыру түрлерін атап көрсетті. Жазғы уақыт бала ағзасын шынықтыруға қолайлы уақыт екенін атап айтты. Құммен ойын барысында, таза ауадағы серуен кезінде бала ағзасы күнмен шынығатынын, жабық бассейндегі сумен ойындар кезінде, шалпылдатқыш бассейнде сумен шынығу жұмыстары жүргізелетінін , таза ауадағы таңертеңгі жаттығулар, таза ауадағы серуен, қимылды ойындар баланың ауамен шынығуына мүмкіндік беретінін айтты. Шнықытыру шараларын жүргізу әдістемесіне тоқталды.

Екінші мәселе бойынша,балабақша әдіскері И.Тоқсанбаева «Арман» мәдениет үйімен бірлесе жазғы сауықтыру мезгілінде жүргізілетін іс шаралар жоспарымен таныстырды. Атап айтқанда, балаларға арналған мультфильмдер көрсетілімі, спорттық эстафеталық сайыс, шығармашылық галерея,ертегі қойылымдары, патриоттық әндер байқауы, би фестивалі сияқты шаралар жоспарланғанын атап өтті.

Үшінші мәселе бойынша, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Рахманбергенов Алмас 2018-2019 оқу жылында балабақшадағы қамқоршылық кеңесінің атқарған жұмыстары жайлы есеп берді. Ол өз есеп беруінде аудандық білім бөлімінің 2018 жылғы 8 маусымдағы №205 бұйрығына сәйкес құрылған балабақшаның қамқоршылық кеңесі 9 мүшеден құрылғанын, жұмыс жоспарына сай 5 отырыс жоспарланғанын, барлық

отырыстар өз уақытысында өткізілгенін айтты. Қамқоршылық кеңесінің отырыстары хаттамаланып, барлық ұсыныс пікрілер енгізіліп отырғанын атап өтті.

   Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, қамқоршылық кеңесінің мүшелері өз ойларын ортаға салды.

Пернебаева Б.-Қамқоршылық кеңесінің мүшесі:

-          Балабақшада балалардың шынығуына жағдай жасалған. Жыл сайын жазғы сауықтыру жұмысында бассейндегі жұмыстар, құммен ойындар жүргізілетінін көріп жүрміз.

Джаксыбаева И.-Қамқоршылық кеңесінің мүшесі:

-          Жазғы мезгілде таңертеңгі қабылдаудан бастап таза ауда жүргізіледі. Таңертеңгі жаттығу балабақша ауласында жүргізілетініне балалар үшін де үлкен қуаныш сыйлайтыны көңілге қонымды.

Қамқоршылық кеңесінің отырысын төрағасы Рахманбердиев Алмас қорытындылады. Ол жалпы балабақшада жазғы сауықтыру мезгіліндегі жұмыстарға үлкен мән берілетінін ,бұл өз кезегінде ата-аналар тарапынан ризашылығын білдіретіндігін айтты.

   Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып,шешімдер қабылданды:

1. Жазғы сауықтыру мезгіліндегі шынықтыру шаралары, «Арман» мәдениет үйімен бірлесе өткізілетін іс шаралар жоспары өз деңгейінде жоспарланған деп есептелсін.

2. Балабақшада құрылған Қамқоршылық кеңесінің атқарылған жұмыстарының есебін тыңдай келе , қанағаттанарлық деп есептелсін.

       Қамқоршылық кеңесінің төрағасы:                                     А.Рахманбердиев

           Хатшы:                                                                               Тоқсанбаева И.

Мүшелері:

Маханбет П.

Джаксыбаева И.

Сүлейменов Б.

Кенджаев А.

Жайынбаев Н.

Кигай Е.

Шалекеева Н.

Пернебаева Б.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар