Вторник, 02 Июль 2019   |   Прочитано 763 раз

Туған өлке

Сәлеметсіздер ме құрметті Астаналық әріптестер, кішкентай достар!

Сіздермен тағы да жүздесіп отырғанымызға қуаныштымыз. Ендеше кездесуімізді жалғастырамыз. Бүгінгі кездесуіміздің тақырыбы туған өлкеміз Шиеліге арналмақ. Биыл біздің Шиелі ауданына 90 жыл толғалы отыр. Айтулы мереке қарсаңында балабақшада «Менің туған өлкем» тақырыбында жобалау іс әрекеттері жүзеге асырылуда. Шиелі ауданы Қызылорда облысында орналасқан.Халқы 79477 адам 21 ұлт өкілдерінен құралған. Біздің өлке бес ғасыр адамы,41 Еңбек Ері шыққан киелі мекен.

Әр адамға өзінің туған жері өте ыстық. Туған жеріне жыр арнамаған ақын жоқ шығар. Олай болса, бүгінгі кездесуімізді Оразбек Сәрсенбаев ағамыздың «Шиелім» деген өлеңінен үзінді оқып беруден бастайық. Мен сөз кезегін біздің бүлдіршініміз Шұғылаға берейін.

Күн күліп Қаратаудың иегінен,

Қарайды нұрын төгіп Шиеліден.

Жүзінде шаттық ойнап ұл қызы жүр,

Еңбекпен туған жерін сүйе білген.

Жер жаһанда бір мекен бар киелі,

Деп айтады ән менен жыр,күй елі

Сыр бойында орналасқан Иран бақ,

Атың қандай көркем еді-Шиелі!

Шиелі вокзалы 19 ғасырда Орынбор-Ташкент темір жолы бойындағы басты станциялардың бірі болған. Вокзал үйі сол кезден бері сақталған ғимараттардың бірі. Ол жайлы қазір сіздерге Мұхаммедәлі айтып берсе.

Сәлеметсіздер ме! Менің аты-жөнім . Жасым 5-те. Менің туған өлкем Шиелі ауданы. Бүгін сіздерге Шиелі вокзалы жайлы айтып таныстырмақшымын. Бұл вокзал үйі. Ол көне ғимараттардың бірі. Себебі-бұл вокзал үйіне 100 жыл. Шиелі вокзалына жолаушылар тасымалдайтын көптеген пойыздар тоқтайды. Вокзал үйінің ішінде жолаушыларға арналған күту залы, халыққа қызмет көрсететін анықтама бөлімі мен билет кассасы бар. Пойыз жолының оң жақ өткелі мен, сол жақ өткеліне жаяу жүргіншілер өтетін аспалы көпір бар. Теміржол өткелі өте қауіпті, сондықтан қауіпсіздік ережесін сақтап өтейік! Мен өз өлкемді жақсы көремін. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.Слайд №1

Ауданымыз жыл сайын көркейіп, өсіп келеді.Көрікті ғимараттар жайлы Нұрсая айтып бергісі келіп тұр.

Сәлеметсіздер ме! Менің аты-жөнім . Жасым 5-те. Мен өзімнің туған өлкемнің әсем ғимараттарымен таныстырамын. Бұл біздің аудандық әкімшілік үйі. Бұл ғимаратта аудан басшылары қызмет атқарады. Шиелі аудандық тарихи-өлкетану мұражайы. Мәдени мұралар мен бұйымдар осы мұражайда сақталған. Ал, мынау өнер ордасы Мәдениет үйі. Бұл жерде көңілді кештер, ертегі қойылымын тамашалаймыз. Біздің денсаулығымызды бақылап отыратын ауданда үлкен Емхана бар. Мен тұратын жерде Арман мәдениет үйі бар. Ол жерде мен би үйірмесіне қатысамын. Балаларға арналған мультфильм көреміз. Аудандағы ең үлкен, ең әсем ғимарат ол менің балабақшам. Мен өз туған өлкемді жақсы көремін. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!Слайд №2

Аудан халқының негізгі кәсібі мал шаруашылығы және егін шаруашылығы. Егін шаруашылығының ішінде күріш өсірумен айналысады. Күріш өсіруден рекорда жасап аты әлемге әйгілі болған даңқты диқан Ы.Жақаев атамыз біздің өлкеден шыққан. Ол кісінің құрметіне ауданда мұражай бар. Ол жайлы толығырақ Аружан айтып берсін.

Сәлеметсіздер ме! Менің атым Ердос.Жасым бесте. Мен бүгін сіздерге туған өлкем Шиелідегі көрікті жерлердің бірі Ыбырай Жақаев мұражайы туралы айтып бермекшімін.

Ыбырай Жақаев күріш өсіруден зор жетістікке жеткен Еңбек Ері.Сондықтан оны ақ күріштің атасы деп атаған. Мұражай Ы.Жақаев ауылында орналасқан.

Мұражайда күріш түрлері, Ыбырай атамыздың еңбек құралдары: кетпен, темір соқа,байтесе,ағаш арба қойылған. Соқамен жер жыртып егін еккен. Сонымен қатар мұражайда Ыбырай Жақаевтың тұрмыстық заттары сақталған. Еңбек ете отырып,демалған кезде шай ішкен үлкен самаурыны да осы жерге қойылған. Ал мынау Ы.Жақаевтың күріштен жасалған портреті. Ерен еңбегі үшін алған төсбелгілері мен марапаттары да бар. Ыбырай атамыздың соңынан ерген күрішші шәкірттері көп болған.Мен өз өлкемде осындай дихан атаның болғанын мақтан тұтамын.Сөзімнің соңын өлең шумақтарымен қорытындылағым келеді.Өн бойынан бар жақсылық тараған,

Ән бастайын, жыр бастайын жаңадан.

Күріш егіп туған жерін гүл еткен,

Даңғайыр диқан Ыбырай атам Нар адам!

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Слайд №3

Біздің ересек балаларымыз балабақшаны бітірген соң мектепке барады. Ауданда 41 мектеп бар. Балаларымыз өздері баратын мектептерге саяхат жасап танысқан болатын. Ол жайлы Бақнұр йтып беретін болады.

Менің туған өлкем Қызылорда облысы ,Шиелі ауданы. Мен өз өлкемді жақсы көремін. Бүгін сіздерді туған өлкемнің көрікті білім ордаларымен таныстырамын.

Мен мектепте көп нәрсе үйренуге болатынын түсіндім.Бұл мектепте мен мұражай көрдім.Онда осы мектептен шыққан үздік оқушылар және ғалымдардың суреттері бар екен.Мұражай мені қатты қызықтырды.

Мен де болашақта ел мақтар үздік оқушы болғым келеді.

Мектепте мен оқу бөлемелерінен басқа кітапхана да көрдім . Онда түрлі ертегі кітаптар қызықты журналдар бар екен. Мен осы мектепке келіп оқитыныма өте қуаныштымын. Сонымен қатар осы мектеп ішінде мен оқушылар партасына отырып көрдім .Ол маған қатты ұнады.

Мен «Айналайын» балабақшасынан үлкен азаматша болып шығып осындай туған жерімдегі керемет білім ордаларының бірінде оқитынымды мақтан етемін!

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!Слайд №4

Астаналық кішкентай достар біздің туған өлкеміз жайлы мәліметтер сіздерге ұнады ма? Осымен біздің туған өлкеміз Шиелі жайлы баяндауымыз аяқталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар