Вторник, 02 Июль 2019   |   Прочитано 3926 раз

Менің отбасым

№ 24«Айналайын» балабақшасымен өзара желілік қарым-қатынас

Тақырыбы: Менің отбасым

Мақсаты: өз құрбы құрдастарына отбасы жайлы, отбасы мүшелерінің қызметі,өзінің қызығушылығы жайлы баяндауға үйрету. Өзіне және өзгеге құрмет көрсетуге, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекі материалдар: слайд,отбасылық альбом,шежіре ағашы

Сәлеметсіздер ме? Менің аты-жөнім-Мұхтар Марғұлан Абзалұлы.

Мен 4 жастамын. Менің отбасымда 5 адам бар. Олар-әкем, анам, әпкем және інім. Әкемнің аты-Абзал. Ол мастер болып қызмет жасайды. Анамның есімі-Азиза. Анамыз бізге қамқор болады. Әпкем-Аяжан. Ол мектепке даярық тобына барады. Ал інім әлі кішкентай, Марлен 1 жаста.

Отбасымыздағы әрбір адам мен үшін өте қымбат. Біз бір-бірімізге әрқашан көмектесіп тұрамыз. Ата-анамыз бізге бауырмал, әдепті болуды үйретті. Менің отбасым-тату, керемет отбасы. Мен отбасымды қатты жақсы көремін! (слайд №1)

Сұрасаң атым-Нұрбақыт

Мен қазақтың баласы

Отан менің отбасым

Жігер беріп тұрады

Тоқсанға келген атам бар

Сексенге келген әжем бар

Біздің үйдің қариясы

Інжу-маржан дариясы

Сәкендей тағы атам бар

Мектептің орынбасары

Алмадай сұлу әжем бар

Зерттеген әлем-тарихшы

Мақпалдай алтын анам бар

Мәпелеп мені өсірген

Логопед оның мамандығы

Балаларға қарап келген

Тәрбиеленіп жатырмын мен

«Айналайын» бақшасында

Ұстазыма бас иемін

Білім берген санамызға

Болашақта отан қорғау

Менің басты арманым

Елі үшін туылған

Батырлардай боламын.

(Слайд №2)

Сәлеметсіздер ме, Астаналық достар!

Менің атым Айзере. Мен 5 жастамын. Бүгін мен сіздерге өзімнің отбасымды таныстырмақшымын. «Отан отбасынан басталады» дегендей менің отбасым менің мақтанышым. Мынау ардақты атам, ол кісі кітап, газет оқығанды ұнатады. Мынау аяулы әжем, ол маған нәски тоқып,ертегі оқып береді. Ал мынау менің жанашыр әкем,ол көп жұмыс істейді. Ал мынау менің асыл жанды анам,біз сүйіп жейтін дәмді тамақтар пісіреді. Ал мына кішкене бөбек менің сүйікті інім. Оның жұмысы үйді шашу,менің ойыншықтарымды жылап алып қою. Бірақ мен оны сонда да жақсы көремін. Сонымен қатар мен өзімнің нағашы атам мен әжемді де қатты жақсы көремін. Олар бөлек тұрса да,олар менің жақындарым. Демалыс кезінде біз сол жақа қыдырып тұрамыз. Олар бар тәттісін бізге сақтап,бізді күтіп отырады. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

(слайд №3)

Сәлеметсіздер ме, Астаналық достар! Менің атым Ерасыл. Мен 5 жастамын. Қазақта жеті атасын білген ұл,жеті жұрттың қамын жер деген мақал бар. Әр бір бала жеті атасын білуі керек.

Ал, озімнің жеті атамды таныстырып өтейін:

1.Жарқын

2.Үсен

3.Алдаберген

4.Жолдыбай

5.Оразымбет

6.Көлбай

7.Қуандық

8,Қабыл

Жеті атамды білгенім,олардың қандай кісі болғаны жайлы білуі мен үшін мақтаныш және үлкен сабақ. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

«Менің отбасым» (Бұл менің отбасылық альбомым)

         Менің есімім Нұрислам. Мен «Айналайын» балабақшасында тәрбиеленіп келемін. Бүгін сіздерге өзімнің отбасым туралы әңгімелеп беремін. Мені отбасым-менің тарихым. Отбасым ақыл-дария-Толқын өз атамнан, нағашы атам Төленнен, асыл әжем-Роза, нағашы әжем-Ұлманнан, қамқоршы Зарина апатайымнан, нағашы әпкелерім Аружан мен Сымбат, нағашы ағам-Беріктен, асқар тау-Дархан әкемнен, мейірімді Ақниет анамнан, сонымен ерген қарындасым-Нейладан, інім Әлинұрдан тұрады. Атам Толқын Ақтөбе қаласында жұмыс жасайды. Әжем Роза мұғалім. Әкем Дархан жеке кәсіпкер болып жұмыс жасайды. Ал, анам Ақниет таеквандодан дәріс береді. Заринаапатайым Алматы қаласында тұрады.

         Мен отбасыммен нағашыларыма қонаққа барып тұрамын. Біз бақытты отбасымыз. Себебі біз тату,бірлікте,бір шаңырақта өмір сіреміз. Мен бақытты баламын деп мақтанышпен айтамын. Өз отбасымның осы қалпынан таймай, бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар