Логопед

rainbow

Логопед


Вторник, 28 Ноябрь 2017   |   Прочитано 2298 раз

Тілдің бұзылуы неге байланысты, олар немен байланысты?

Тіл бұзылушылық әртүрлі, ол біріншіден, тілді қалыптастыру мен әрі дамытуға қатысатын күрделі  анатомо-физиологиялық механизммен байланысты; сонымен қатар адам ағзасының сыртқы ортамен тығыз іс-қимыл  және әлеуметтік жағдаймен байланысты. Тіл бұзылушылық кез келген жаста пайда болуы мүмкін, бірақ,  көбірек  «жаралайтын»тіл балалар мен қартаң адамдарда кездеседі.                                         

Логопедтің жұмысы тілді қалыптастыру не қалпына келтірудегі жұмысы қандай ? Тіл бұзылушылықтың  алдын алу және оны жеңу адамның кемістік орнын толтыру мүмкіндігіне, бас миына негізделген.Тіл қатынас кезінде дамиды. Осыған тіл кемістіктерін жеңу және алдын алудың кешенді жұмысын  ұйымдастыру негізделген.Логопедтік ықпал  (артикуляциялық гимнастика; дыбыстадың айтылуы; дыбыстарды автоматтандыру ; есту  және көру назарын; фонематикалық есту дыбыстық бірліктерді,дәлірек ана тілі дыбыстарын айру қабылеттерін; моторикасын қол, саусақтарының моторикасын жетілдіру; дұрыс дыбысытық демалу және дыбыстау) толық қанды және тиімді, егер олар күнделікті ата-аналардың, мұғалімдердің үйдегі, мектептегі  жұмысымен үнемі байланыста болса. Әр баланың ерекшелігі ескерілу керек, дәлірек дұрыс тіл тәрбиесі үшін жұмыс жекеленген болуы керек. Міндетті түрде дәрігер – невропатолог пен и психиатрдың кеңесі мен емделу курсын өту керек.

Дұрыс дыбыстауды бекіту бойынша күнделікті,тынымсыз жұмыс, баланың  кенеттен пайда болған(еркін)тілі кезінде дұрыс дыбыстауға ересектер тарапынан бақылау,барлық тапсырмаларды талаптары мен ұсыныстарын сақтап орындау.Көпшілік жағдайда өз баласына ұзақ уақыт аралығында көмек көрсетуге, жасымауға дайын болу керек.

Тілдің бұзылу себептері:

  •       экология жағдайының нашарлауы;
  •       йодо — мен фтор – жетіспейтін аймақ ерекшеліктері;
  •       жүктілік патологияларының артуы ;
  •       бала туу кезіндегі  жарақаттың артуы;
  •       баланың денсаулығының нашарлауы және бала науқастарының артуы;
  •       түрлі әлеуметтік себептер.

Тіл бұзылушылықтар сан алуан: жеке дыбыстарды дыбыстаудан бастап (р), (л), (ш, ж, ч, щ), (с-з, ц) және т.б; дыбыстардың бірнеше топтарын – ызылдайтындар,ызыңдайтын , үнділер (р, л) және т.б.. (бұл сөйлеушінің тілін түсініксіздікке әкеледі.) – ауыр тілдік бұзылу жағдайларында тілдің толық жоғалуына(алалия и афазия), ересек пен баланың өзара ыммен немесе дыбыстармен түсінісетін жағдайға соқтырады. Жиі кездесетін кекештену (логоневроз) жеңілден ауыр түріне дейін,тілмен байланысқан демалыстың бұзылуы,тілдік қозғау аппаратында тартылу, тырысу сияқты тіл бұзылушылықтар кесірінен тілдің болуы мүлдем мүмкін емес. Тілдің ауыр бұзылушылықтары(ринолалии) кездеседі, бұлар  туа болған бөліген таңдай, жоғарғы ерін,мұрын. Мұндай балалардың тілдік аппараттарының  қалыптан ауытқуы кесірінен ана тілі дыбыстарының өзбетімен қалыптасуы мүмкін емес. Тілі түсініксіз,мұрындың сипатта болады.

Дұрыс дыбыстамау тістеуінің қалыпты жағдайдан ауытқуынан,тістерінің дұрыс шықпауынан, тіс қатарының дұрыс есемтігінен қалыптасуы мүмкін. Тілдің дұрыс  қалыптасуына бала тәрбиеленетін тілдік қоршаған ортаның, ересектердің (ата-аналардың,тәрбиешілердің …), тілдік ақаулары, баламен тілдік қатынастың шектелуі   теріс әсері етуі мүмкін.       Әңгімелер, оқу, сұрақтарға жауап, бірлескен ой баланың ересектерге еліктеп өз тілін дамытып, жетілдіреді , -егер отбасында бұл болмаса немесе шектелген көлемде болса, тілдік және психологиялық дамуы тежеледі. Балалардың  жасынан (1жастан 4 жасқа дейін) тілінің дамуына  теледидар жаман ықпал етеді, егер ол жақындарымен (анасы, әкесі ағасы, әпкесі, әжесі, ата-сы)қарым – қатынасты ығыстырса. Бала телехабарды қарау кезінде сылбырлық білдіреді, тек қана ақпарат қабылдайды(әрине,ол жағымды болса), баланың өзі ойынға,ертегіге қатыспай,сұрақ қоймай, үнсіз отырады. Ол неғұрлым көбірек теледидармен «қарым-қатынас» жасаса, солғұрлым үндемейді, де тіл қызметі белсенділігі тежеледі.  Ересектеу балалар үшін (5-7 жастағы)теледидарды қөп қарауы тілінің қалыптасуына зиянды,себебі  дамудың ең белсенді кезеңі 7 жасқа дейін. Балаға теледидар хабарлары мен бейне фильмдерді өзіңіз іріктеңіз. Баламен бірге қараңыз, бірге түсініп, білге ойға салыңыз, поясняйте. Теледидармен қатынас уақытын шектеңіз(15 минуттан 1 сағатқа дейін): не бір фильм,не бір ертегі.

Дұрыс емес тіл айналасы мен тәрбие де баланың тілінің ақауына әкеліп соқтырады(бұрмалау  типі). Бұл жағдайда кішкентай бала ана тілінің тілдік нормасын,естілген тілдің артикуляциялық тәртібін дұрыс қабылдай алмайды, оған тіл дыбыстарын дұрыс,  нақтылы емес қабылдауы қалыптасады. Ал бұл өз кезегінде дыбыстау ақауына әкеліп соқтырады.

Көптеген мамандардың ойы бойынша дұрыс дыбыс қабылдауды қалыптастырудың мақсатты жұмысы 3 жастан бастап тіл бұзылушылығының болуының алдын алады,көбінесе балалардың басқа, күрделірек тіл қалпынына ауытқулары ертерек  анықталып,оның ертерек түзетілуіне мүмкіндік туады.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Видео ақпараттар

No valid json found