Психолог


Среда, 22 Ноябрь 2017   |   Прочитано 12391 раз

Ата-аналарға арналған психологиялық кеңес: «Баланың мектепке психологиялық дайындығы»

Психологтың кіріспе сөзі:  Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.  Бүгін біздің көтеріп отырған мәселеміз бұл – баланы мектепке дайындау мәселелері. 1 слайд. Бұл тақырып өзекті болып келді, әлі де өзекті болып отыр.

Өйткені мектептегі өзекті мәселелердің бірі ол- баланың қиын бейімделуі, баланы 1 сыныпқа қабылдайтын педагогтардың айтуынша ең қиын мәселе бұл – оларды оқыту емес, оларға өз бетінше киініп шешінуді, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсе білуді, еркелік, жылау, эмоционалдық тұрақсыздық т,б.  қарапайым  үй жағдайында отбасында қалыптастыруға болатын  мінез құлықтарды түзеумен шаршайтындарын айтады.

Ал психологтар бұл мәселені- баланың мектепке психологиялық дайын болмауы деп түсіндіреді.  Сонымен, менің бүгінгі сіздерге айтқым келіп отырғаны -  осы баланы мектепке психологиялық дайындаудағы маңызды компонентері жайлы және оларды қалыптастырудағы ата-ананың ролі.

2 слайд.  Міне байқап қарасаңыздар, ұлы педагогтар мен психологтардың тұжырымдары осыған куә: «Мектепке дайын болу деген- оқып,жазып, санауды білген жеткіліксіз, мектепке дайын болу деген – осының барлығын қабылдауға дайын болу» (Венгер. Л.А)

3 слайд. Сонымен,  баланың мектепке дайындығы дегенді  қалай түсінуге болады?

Ол қажет пе?  Не үшін баланы дайындау керек?  Ол деген мектеп пен балабақшаның міндеті емес пе?  – деген түрлі  сауалдар мазалайды. 

Оған былай жауап берейік:  Қажет пе, емес міндетті түрде дайындау керек, балаңыз құрбыларымен ілесіп жүруі үшін, отбасындағы өз анасының немесе әкесінің қолдауымен берілген білімді және тәрбиені ешқандай психолог пен педагог бере алмайды. Сондықтан бұл жерде тек қана ата-ананың аз ғана қызығушылығы болса ол қалай дайындаудың мәнісін табатын болады. Міне, біздің де айтпағымыз осы бағытта  болып отыр.

4 слайд.  Сонымен, мектепке дайындықтың ең маңызды компоненттерін мына 4 бағытта қарастырып көрейік.

1-      Физиологиялық дайындық.

2-      Психологиялық дайындық.

3-      Педагогикалық дайындық.

4-      Сөйлеу тілінің  дайындығы.

5 слайд.

Физиологиялық дайындығы дегеніміз- баланың мектеп қабырғасына баратын уақыттағы жасы 6,5-нан кем болмауы  тиіс. Баланың 40 минутқа өзін-өзі  ерікті түрде ұстап отырудағы шыдамдылығы, оның көруі, естуі, ұсақ және ірі моторикасының жасына лайықты жетілуі. Дұрыс тамақтануы,т.б . Денсаулығы бойынша 3-4 топтағы балалардың мектеп жүктемелеріне төзімділігі төмендеу болғандықтан ерте бармауы, нормадан  аздап алу мүмкіндігін ескеруі. 

Психологиялық дайындығы дегеніміздің өзін бірнеше  бағытта қарастыруға болады. Мысалы:

  • Баланың әлеуметтік-тұлғалық дайындығы- баланың құрбыларымен және ересектермен қарым-қатынас құра білу қабілеті. Жаңа ортаға бейімделу үшін қажет болғанда өзінің «Менін» кішірейтіп, бағынуға,жол беруге, күте тұруға дағдылануы керек екені түсінуі. Өзінің балабақшадағы өмір сүру дағдыларының өзгергенін түсініп, жауапкершілікпен таңертең тұруы,т.б
  • Баланың бойындағы және қимыл-қозғалысындағы ерік - жігер дайындығы- мектепте баланы ауыр еңбек күтіп тұр. Білім алу үшін еңбектену керек екенін түсініп, бала өзіне ұнайтын не қызықтыратын дүниемен ғана айналыспай қажетті заттарды , мұғалімнің талабы бойынша бағдарламаға сәйкес әрекеттерді немесе берілген үлгілерге сәйкес тапсырмаларды орындау барысында қимыл-қозғалыс  координациясының бағынуы қажет.  (Графикалық диктанттар)
  • Баланың интеллектуалдық дайындығы-  мектептегі білімді,яғни оқып, санау мен жазуды жақсы меңгеруі үшін баланың танымдық қабілетінің даму деңгейі өте маңызды роль атқарады. Бала салыстырып, ортақтастырып, талдау жасай білуі  қажет.  Атап айтқанда: зейін,ес, ойлау,сөйлеу сияқты психикалық құбылыстардың дамуы. Егер 6-7 жасқа келген бала өзіне көрсетілген белгілі бір әрекетке 5-10 минут тоқтай алмаса ол қалыпты дүние емес.
  • Немесе жаттығу арқасында  10 сөзді есінде сақтай алмаса ол да қорқатын дүние. (ойындар)
  • Баланың мотивациялық дайындығы-  бұл баланың оқуға деген  ынтасының және қызығушылығының болуы. Ата-ана тарапынан әңгімелесу, экскурсия, танымдық мектеп туралы  мультиктер көрсетіп баланың мектепке деген қызығушылығын арттыруы, олардың мектеп туралы жақсы ой қалыптастыру. Не үшін баратындығын түсінуі.

Ата-ананың қателіктері:

1-қателік-  Ата-ананың «Мектепте барлық нәрсені үйретуге тиіс,баланың миын ашытудың қажеті жоқ» деген көзқарасы. Ия, әрине үйренеді бірақ қандай қиындықпен. Өйткені қалған құрбыларының деңгейінен төмен болса баланың өзіндік бағасы да төмен болады. Қарапайым әріптерді тануы, сандарды тануы, қарындашты ұстай білуі деген дағдылары болмаса балаға  құрбыларын қуып жетуіне  тер төгуі керек болады.

2- қателік- Ата-ананың «Мектепке дайындауда біздің қолымыздан ештеңе келмейді, ол тек педагогтардың ғана қолынан келеді»- деген көзқарасы.  Негізінде үй жағдайында өз анасының баламен түрлі ойын жаттығуларын жасауы көп көмегін тигізеді.  Тек қандай әрекет жасау керек екендігі туралы аздап ақылдасып, соған уақыт табылса болғаны.

3-қателік-  Соңғы уақытқа дейін жүріп аз ғана қалғанда баланы жұлқылап, күндіз түні демалыссыз үйрете бастау әрекеті.

4-қателік – Өз баласының қабілетін ескермеуі. Баланың қабілетімен санаспай жүктемелер қойып,талап етуі.  Тым жоғарғы талаптар қою.

5-қателік- Мектеппен қорқытып үркіту арқылы тәрбиелеу.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Видео ақпараттар

No valid json found