Логопед

rainbow

Логопед


Среда, 22 Ноябрь 2017   |   Прочитано 1639 раз

«Тіл мүкістігінің пайда болу себептері»

Кейбір ата-аналар баланың тілі өз бетімен шығып дамиды деп ойлайды. Баланың тіл дамуы төңірегіндегі адамдармен қарым-қатынас жасаудан шығады, әсіресе ата-анасымен тілдік қарым-қатынас тығыз болу керек. «Менің баламды дұрыс сөйлетіңізші!» деп көп ата-аналар логопедке өз жұмыстарын, өз жауапкершіліктерін сырғыта салғысы келеді. Ал логопед маманы сиқыршы болар ма еді, тез арада баланың дұрыс сөйлеуін түзетіп, сөздік қорын толтырып, грамматикалық түрде дұрыс айтқызып, байланыстырып сөйлеуін жетілдіріп, ата-анасына керемет жан-жақты білгір баланы шығарып бере алмайды ғой. Сондықтан, дұрыс сөйлеу процессі жеңіл болатын  нәрсе емес.Туғаннан бастап бала естіген дыбыстарды ажырата бастайды, ең бірінші өз анасының дауысын таниды. Айғаймен, жылаумен өз жағдайын (қарны ашқанын, ауырғанын, т.б.) түсіндіреді.

3 айында гуілдеп сөйлей бастайды. 3 айдан 6 айға дейін кейбір дыбыстарды қайталайды, күледі, шыңғырады, ауызымен қимылдар жасайды. 6-дан -9 айға дейін «ммм», «ссс», ма, ба, ла дыбыстарымен буындарын айтады. 9-12 айға дейін екі буынды қосып бастайды: ма-ма, па-па, да-да. 6 айында өз атын біледі, 8-10 айында – айтқанды түсіне бастайды, 9-12 айында таныс заттарды таниды.  Бір жасында бала барлығын қолымен көрсетіп түсіндіреді, біртіндеп тілі дамыған сайын қолымен көрсетуді қояды. Бала сөйлегеннен гөрі, түсінгені көп. Екі жасынан бастап бала айына 20 шақты жаңа сөзді түсінсе, оның тоғызын ғана айтады.Бала алғашында бір немесе бірдей екі буыннан тұратын сөздерді айта бастайды(ав-ав, пи-пи, да-да). Бұл «Бөбек тілі» деп аталады, өйткені бала «өз тілінде» сөйлейді.

Көп буынды «ауыр» сөздерде бала дыбыстардың немесе буындардың орнын ауыстырады, буындарды тастап кетеді, сөзді қысқартады. Мұндай дыбыстың бұрмалануы 5-6 жасқа дейін сақталуы мүмкін. 1,5-2 жасқа дейін баланың белсенді сөздік қоры 25 дейін, ал кейбір балаларда 90 сөзге дейін көбейеді. Бала айта алатын сөздердің саны – баланың тіл дамуының жеке көрсеткіші,ол бірнеше жағдайға байланысты -  оның себептері әртүрлі болады: баланың денсаулығына, ата-анасының «тілдік» белсенділігінен, баланың өз жеке қабілетіне байланысты болады.

2 жасында бала 2-3 сөзден тұратын сөйлемдер айтады. Бұл кезде «Телеграфты сөйлеу» пайда болады, өйткені бала телеграммадағы сияқты, қажетті сөздерді пайдаланады, жалғауларды, үстеулерді, т.б. қолданбайды.

3 жасында баланың сөздік қоры 1000 сөзге жетеді. Бала өскен сайын ересек адамның айтқаның қайталай бастайды, еліктейді, сондықтан баланың көзінше байқап сөйлеп, өз сөзіне, айтқанына мұқият болу керек.

3 жасында кейбір балалар көп дыбыстарды дұрыс, анық айтады. Бірақ дыбыстардың алмасуы, қателері де кездеседі. Бұл жасқа сәйкес, түзелетін қателерге жататыны:

  • ызың дауыссыздардың (ш,ж,ч,щ) айтпауы;
  • р-дыбысының болмауы немесе басқа л,в,й дыбыстарға алмасуы;
  • л-дыбысының кемістігі;
  • к,г дыбыстарын т,д дыбыстарына ауыстыруы;
  • ұяң дауыссыздарды қатаңға ауыстырып айтулары.

3 жастағы баланың дауыс аппараты қажетті болып қатаймай, кейбір балалар ақырын немесе керісінше өте қатты сөйлейді.

    Жоғарыда айтылған тіл кемістіктері физиологиялық кемістіктерге жатады және бұл қалып, жасына сәйкес деп саналады. Бірақ кейбір балаларда тіл дамуының қалыптасуы дұрыс болмай, тежеушілік болады. Мұндайда баланы логопед маманына көрсетіп, кеңес алған дұрыс.

Баланың дұрыс тіл дамуына келесі жұмыстарды жасау қажет:

  • Баламен үнемі сөйлесіп, оның жауаптарын тыңдау керек. Бала сөйлескенді, оны тыңдағанды ұнатады, қажет етеді.
  • Бала не істегенін айтып отыру керек. Сюжеттік ойындар ойнатыңыз:  «Шаштараз», «Дәрігер», «Балабақша», т.б. Сөздік комментарийлерді қолданып отырыңыз.
  • Серуенде әңгімелесіп, жаңа сөздерді бірнеше рет қайталаңыз.
  • Балаға айтқан сөздеріңіз анық болсын. Сөйлемдерді де анық, дұрыс айтыңыз. Өбектеп, ысылдап, оның айтқаның қайталамаңыз. Сіздің сөйлеуіңіз үлгі болатын болсын!
  • Кітаптағы суреттер арқылы әңгіме жүргізіңіз, баланың өзінен сұраңыз.
  • Фотоальбомдағы суреттер бойынша әңгімелесіңіз.
  • Жеңіл өлеңдерді жаттап, ритмге салыңыз, мәнерлеп айтқызыңыз.

     Өз сөйлеуіңізді тым қарапайым түрде жасамаңыз, ақырын күрделендіріп, ересек адамдардың сөйлегені сияқты сөйлесіңіз.Осындай жай түрдегі кеңестерге сүйеніп отырсаңыз, баланың ойлау қабілеті, тілі, жалпы дамуы жақсы болады, үлкен нәтижеге жетесіздер.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Видео ақпараттар

No valid json found