Логопед

rainbow

Логопед


Вторник, 28 Ноябрь 2017   |   Прочитано 476 раз

Сақтандырудың қандай шараларын ата-аналарға ,әжелер мен аталарға ұсынуға болады?

- Баланың тілінің дұрыс дамуы мен тіл кемістіктерінің алдын алу үшін оған туған күннен дұрыс тіл ортасын жасау керек.

- Баламен «ысылдап- былдырап, бұрмалап» оған ыңғайлап сөйлемеңіз.

- Бөбекпен «бала» сөзімен сөйлеу арқылы Сіз дұрыс сөйлеу үлгісінен айырасыз, себебі оның тілі Сізбен қарым –қатынас барысында қалыптасады.

- Дұрыс дыбыстауға ұзақ емізік,не саусағын  ему де зиянын тигізеді, Оны бақылау қажет.

- Балаға кітап оқып,  онымен әңгімелесіп, оның сұрақтарына жауап беріп, Сіз өзіңіз оның тілін дамытып, жетілдіресіз.

- Баланы мұқият тыңдаңыз, сіз сөйлеуге ынталандырасыз, тілінің грамматикалық құрылымын дамытасыз, тіл орамдарын жетілдіресіз, тіл байлығын арттырасыз, сөздік қорын байытасыз.

- Тіпті қатты шаршап тұрсаңыз да балаға: «әрі кетші», «уақыт жоқ»деген сөздерді айтпаңыз – мұнымен сіз баланың дамуын тежейсіз, оның тіл белсенділігін, ойлау қызметін төмендетесіз немесе құртасыз.

- Балаға дос және көмекші болыңыз, онымен бірге өз тіліңізді жетілдіріңіз.

Әлеуметтік желілерде бөлісуді ұмытпаңыздар

Видео ақпараттар

No valid json found